Атырау, 23 мамыр 00:49
 ашықВ Атырау +25
$ 507.07
€ 572.53
₽ 6.37

Қазақстанда дәрі-дәрмектерді жедел тіркеу пилоттық жобасы іске қосылды

148 просмотра
Сурет: freepik.com

Қазақстанда дәрі-дәрмектерді тіркеу мерзімін қысқартуға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды.

Бұл бастама «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылып, 100 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге мүмкіндік береді.

Жоба мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында Цифрлық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысы арқылы іске асырылуда.

Жаңа жүйе дәрі-дәрмектердің нарыққа шығу уақытын едәуір қысқартып, қайталанатын әкімшілік рәсімдерді жоюға көмектеседі. 

Қазіргі таңда сараптама жүргізу 210 күнге дейін, баға белгілеу 60 күнге дейін, кәсіби сараптама 50 күнге дейін созылуы мүмкін. 

Композиттік мемлекеттік қызметті қолдану арқылы бұл процестер біріктіріліп, параллель түрде 100 жұмыс күнінен аспай өтеді.

Жаңа жүйе ерікті және баламалы негізде енгізіледі, яғни қолданыстағы сараптама, тіркеу және баға белгілеу механизмдерімен қатар жұмыс істейді. Сонымен қатар, дәрілік заттарды Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізу үшін кәсіби сараптамадан өткізу қарастырылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен тіркеу рәсімі де енгізіледі. Бұл жүйе АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Жапония сияқты қатаң реттеу жүйесі бар елдердің дәрілік препараттарын 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеуге мүмкіндік береді.

Композиттік қызмет аясында өндіруші бағасын тіркеу, көтерме және бөлшек саудадағы үстеме бағаларды автоматты түрде есептеу қарастырылған. Бұл процесс ТМККК және МӘМС жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

Пилоттық жоба 1 шілдеге дейін жалғасады. Егер оның тиімділігі дәлелденсе, тұрақты модельге көшу және қолданыстағы нормативтік талаптарды оңтайландыру жоспарлануда.

Кеше, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.





OSZAR »