Атырау, 16 маусым 12:45
 ашықВ Атырау +23
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Аяқталмаған тутұғыр: Атырауда үлкен тудың орнына кіші ту қалай орнатылды?

809 рет қаралды

Атыраудағы Республика алаңында желбіреп тұрған ту уәде етілген өлшемнен төрт есе кіші. Ұлттық мақтаныш символы ретінде жарияланған жобаға миллиондаған қаражат жұмсалғанына қарамастан, тутұғыр толық көлемде жүзеге асырылмаған және жауапты тұлғалар үшін ешқандай салдары болмаған, деп хабарлайды Kazachkov offside телеграм-арнасы.

2020 жылы Атырауда елдегі ең биік тутұғырлардың бірі – 91 метрлік тутұғыр салтанатты түрде ашылған еді. Онымен бірге өлшемі 29х14,5 метр, яғни он қабатты ғимараттың көлемімен тең алып ту да болады деп уәде етілген болатын.

Алайда бірнеше жыл өткен соң, тутұғырдың ұшар басында уәде етілгеннен екі есе және үш есе қысқа 15x7,5 метр ту орнатылды. Тудың ауыстырылуына қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ. Сөйтсек, мәселе тутұғырдың құрылымында екен, ол жобада қарастырылғандай жасалмаған.

2019 жылдың желтоқсанында, салтанатты түрде ашылмас бұрын тутұғыр қатты желдің әсерінен құлап қалды. Бағына орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру барысында дәнекерлеу тігісіндегі өндірістік ақау анықталды. Кейін белгілі болғандай, мердігер компания жобаға сәйкес келетін түпнұсқа құрылымды келісімсіз өзгертіп,  жобада қарастырылған 203 миллион теңге орнына 60 миллион теңгеге арзанырақ аналогын орнатқан.

Құрылыс басқармасы тутұғырдың жобада қарастырылған түпнұсқа құрылымын келісімсіз өзгертуге рұқсат берген. Бұл шешім авторлық қадағалаусыз және заң талаптарына қайшы қабылданған. Прокуратура мердігер мен жергілікті шенеуніктердің әрекеттерінен адам өміріне қауіп төндіру және бюджет қаражатын жымқыру белгілерін анықтады, бірақ қылмыстық іс қозғалған жоқ. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  «заң бұзушылықтың объективті дәлелдері жоқ» деп желеуретіп,  тексеруден бас тартты.

2020 жылдың желтоқсанында Атыраудағы тутұғыр жөнделіп, қайтадан салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов және жобаны қаржыландырған «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері қатысты. Салтанатты ашылу кезінде уәде етілген үлкен ту көрсетілді. Алайда, көп ұзамай оны тып тыныш қана кіші өлшемдегі туға ауыстырды – себебі тутұғыр құрылымы үлкен тудың салмағына төтеп бере алмады.

Мердігер де, жобаға өздіктерімен өзгеріс енгізуге жол берген әкімдік қызметкерлері де жауапқа тартылған жоқ. Бастапқыда бірлік пен ұлылықтың символы ретінде ойластырылған жоба ақырында бақылаусыздық пен үнсіз келісімнің ескерткішіне айналды.

Мүмкін, шынымен де өлшемнің маңызы жоқ шығар?

22 мамыр, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »