
Махамбет ауданындағы Бала Ораз, Атамбаев, Есмахан және Көздіқара ауылдары ауызсумен қамтамасыз етілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайтын су құбыры желісінің құрылысы жүргізілді.
Бала Ораз ауылында жұмыстарды «Ел-Даму-Ырыс» ЖШС жүзеге асырды. Су айдау мұнарасы орнатылып, қоршаулар мен жарық шамдары қойылды. Ауылішілік су құбырлары тартылып, аумақ абаттандырылды.

Есмахан және Атамбаев ауылдарында құрылыс жұмыстарын «Универсалстройсервис» ЖШС атқарды. Су айдау мұнаралары орнатылып, ішкі су желілері тартылып, инфрақұрылым толық жаңартылды.
Көздіқара ауылындағы жобаны «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС іске асырды. Бұл елді мекендегі жұмыстар да толық көлемде орындалды.
Аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жігербек Төлеуғалиев бұл жобалардың ауылдық инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.