Атырау, 19 мамыр 04:14
 бұлттыВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

Экс-әкімнің ұлының Лондонда 1,3 млрд теңгелік пәтері бар

775 просмотра
Лондондағы Kennington Road бойындағы №346 үй

Бұрынғы Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтың ұлы Аслан Рысқалидың Ұлыбритания астанасында қымбат жылжымайтын мүлігі бар, деп хабарлайды "Выход к морю" Telegram-арнасы.

Соңғы 12 жылда Рысқалиевтер отбасы Лондонда тұрып келеді. Отағасы Бергей Рысқалиев бұл елден саяси баспана алған. Қазақстан оған қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеу жариялап, 17 жылға бас бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарған. 

"АЖ" британдық жылжымайтын мүлік тізілімінен телеграм-арна көрсеткен мекенжай бойынша мәліметтерді тексерген еді, ақпарат рас болып шықты.

2021 жылдың сәуірінде Аслан Рысқали Лондондағы 346-348 Kennington Road мекенжайында орналасқан пәтерді 1,51 млн фунт стерлингке (бүгінгі бағам бойынша шамамен 1 млрд теңге) сатып алған. Қазіргі уақытта бұл жылжымайтын мүлік 1,88 млн фунт стерлингке бағаланып отыр, бұл шамамен 1,3 млрд теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың ақпанында бұрынғы Атырау облысы әкімі Лондонда Назарбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге бой көрсеткен. 2025 жылдың мамырында Мусиннің Черногория азаматтығынан айырылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жарияланды.

2023 жылдың қазан айында Рысқалиевтердың анасы Мәдениет Нәсиқызы 85 жасында өмірден өтті.

2025 жылдың сәуірінде Бергей Рысқалиев гүлдеп тұрған сакура саясында тұрған видеосын жариялады. Бұл оның бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің осындай фотосуретіне берген жауабы болатын.

2025 жылдың мамырында Ұлыбританияда"Русев тобы" деп аталған болгариялық шпиондық топтың алты мүшесіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот оларды тыңшылық жасады деп танып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Топтың негізгі міндеттерінің бірі Лондонда Бергей Рысқалиевті бақылау болған.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 мамыр, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.


OSZAR »