Атырау, 20 мамыр 18:19
 ашықВ Атырау +13
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Сакура саясында: Бергей Рысқалиевтың үкімнен кейінгі өмірі

Бейнежазба
1 502 просмотра
Видеодан стоп-кадр

Атырау облысының  бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев сирек бой көрсетуі көпшіліктің назарын аудартты. TikTok-та ол Лондонда сакура гүлдеген саябақта серуендеп жүрген видеосымен бөлісті. 

Көктемде бәрі құлпырады дейді ғой, тіпті Қазақстанда сырттай 17 жылға сотталғандар да.

Рысқалиевтың бірнеше жылдан бері Ұлыбританияда тұрып келе жатқаны белгілі. Лондон – үлкен қала, қарапайым скверлерден бастап әйгілі Kew Gardens ботаникалық бағына дейін сакура өсетін саябақтар жеткілікті. Бейнежазбаның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз, бірақ гүлдер өте әдемі.

Қызығы сол, жақында Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда бой көрсеткен еді. Instagram-дағы танымал пабликтердің, мысалы, bakordamems мәліметінше, ол сакураның гүлдегенін тамашалау үшін Күншығыс еліне арнайы аттанған.

Еске салсақ, Бауыржан Байбек 2015-2019 жылдары Алматы қаласының әкімі болып қызмет атқарған, сондай-ақ Nur Otan партиясының бірінші орынбасары лауазымын екі рет иеленген. 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін ол қоғамдық өмірден алыстап, шығармашылық үзіліс алған.

Бергей Рысқалиевке қайта оралсақ... 

Бергей Рысқалиев тек сакура гүлдеген саябақта серуендеп қана қоймай, Лондон орталығында да суретке түсіп тұрады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге Burberry дүкенінің алдында тұрған суреті тараған.

Айта кету керек, Аслан Мусин Черногория азаматтығын алғаннан кейін Еуропада тұрақтап қалды. Ал Англияда ол Бергей Рысқалиевпен жиі жолығып тұратын секілді.

Анықтама үшін: Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарды. Оның саяси мансабы үлкен дау-жанжалмен аяқталды: оған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру айыбы тағылды. Тергеу ісі шамамен бес жылға созылды. 2019 жылы Қазақстан соты оны сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, ал оның ағасы Аманжан Рысқалиев 16 жылға сотталды.

Рас, 2020 жылы бұған дейін тәркіленген мүліктің бір бөлігі күтпеген жерден Рысқалиевтар отбасына қайтарылды. Алайда Бас прокуратура бұл шешіммен келіспей, кассациялық шағым түсірді. Жоғарғы сот оны тез әрі шешімді түрде қолдады.

Ұқсас жағдай

Еліміздің саяси жағдайына үлкен өзгеріс әкелген 2011 жылғы желтоқсандағы Жаңаөзенде болған қайғылы оқиғаларды еске алмау мүмкін емес. Сол кезде ресми деректерге сәйкес, 17 адам қаза тапты. Мұнайшылар бірнеше ай бойы жалақыны көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту талаптарымен ереуілге шыққан еді. Алайда бұл наразылық қатыгездікпен басып-жаншып, қан төгіспен яқталды.

Алаңда тігілген мерекелік киіз үйлер, қақтығыстар, халыққа оқ ату — куәгерлердің бейнежазбаларында тек «тәртіпсіздіктерді тоқтату» үшін ғана емес, қашып бара жатқандарға да оқ атылғаны көрінеді.

Неге Рысқалиев әлі күнге дейін бостандықта жүр?

Оның себебі бар: Қазақстан мен Ұлыбритания арасында экстрадиция туралы келісім жоқ.

Өткен жылы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экстрадицияның мүмкін еместігін ашық мәлімдеген. Сондықтан Бергей Рысқалиев елге қайтарылуға қауіптенбей, сакураның гүлдегенін, таңғы уақытта жүгіріп, көктемгі Лондонды асықпай тамашалай алады.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған видео

28 сәуір, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.


OSZAR »