Атырау, 14 маусым 15:34
 ашықВ Атырау +28
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Өнер мен спортты қатар ұштастырған атыраулық 14 жасар дзюдошы ресми түрде марапатталды

950 рет қаралды

Татамидің үстінде отырып, «Балқадиша» әнін әсерлі орындап, әлеуметтік желіде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген жас спортшы Бекболат Исаны Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қабылдап, сый-сыяпат жасады.  

Спорттан бөлек өнерімен ерекшеленген Бекболат Иса №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресімен айналысады. бүгінде 42 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы – облыс чемпионы әрі бірнеше республикалық жарыстардың жүлдегері. 14 жаста.  

Кездесу барысында Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов спорттағы жетістігімен қатар өнердегі қабілетін де жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Сондай-ақ жас спортшыларға бағыт-бағдар беріп, үлкен еңбек етіп жүрген бапкері Аслан Табынбаевқа ризашылығын жеткізді.

– Сен дзюда залында, татамидің үстінде отырып осы әнді шырқап спортты, оның ішінде дзюдоны насихаттадың. Өзіңдей жасөспірімдердің тек спортта емес, өнерде де жарқырауы – бүгінгі ұрпақтың жан-жақты дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Мұндай өрендер – ертеңгі ел үміті. Олардың жетістігі кейінгі буынға үлгі, – деді Нұрбол Сыдықов. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

16 мамыр, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »