Атырау, 20 мамыр 12:32
 ашықВ Атырау +18
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен блогер ұсталды

514 просмотра
ChatGPT жасаған сурет

Ол жалған ұтыс ойындары мен қайырымдылық жасау желеуімен жазылушылардан ақша жинап отырған.

Полицияның мәліметінше, әйел әлеуметтік желілерде тұрмыстық техника, тәттілер және зергерлік бұйымдар секілді бағалы сыйлықтары бар лотереялар туралы хабарландырулар жариялаған. Сонымен қатар, ол көпбалалы отбасыға үй салу үшін қаражат жинау бастамасын көтерген. Қатысу шарттары бойынша көрсетілген шотқа белгілі бір соманы аудару керке болған.

Алдын ала деректер бойынша, оның «белсенділігі» 2023 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазіргі уақытта 50-ден астам жәбірленуші анықталды. Жекелеген жағдайларда зиян сомасы 400 мың теңгеден асқан.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары онлайн-акцияларға қатысу кезінде сақтық таныту қажеттігін және расталған кепілдісіз бейтаныс адамдарға ақша аудармау керектігін ескертеді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

18 мамыр, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.


OSZAR »