Атырау, 19 мамыр 03:42
 бұлттыВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

Алматы прокуратурасы көлік компаниясының акцияларын мемлекетке қайтарды

522 просмотра
Фото: freepik.com

Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль және теміржол тасымалы саласында жұмыс істейтін «Каскор-Транссервис» АҚ акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді.
 
Бұған дейін 2019 жылы мемлекет пен «Aktau Petrol Ticaret AS» шетелдік мұнай компаниясы арасында бітімгершілік келісім жасалған болатын. Оның шарттары бойынша инвестор активтерді экспроприациялауға байланысты дауды реттеу шеңберінде «Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясын мемлекетке өз еркімен беруге тиіс болатын.
 
Осыған қарамастан даулы акциялар заңсыз түрде бөгде компанияның - «Oil Stream» ЖШС-нің иелігінде болды.
 
Осыған байланысты прокуратура мемлекет мүддесі үшін мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінді.
 
Апелляциялық сатының қаулысымен прокуратураның талап-арыздарын қанағаттандыру туралы сот шешімі күшінде қалдырылды.

16 мамыр, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.


OSZAR »