Атырау, 16 мамыр 06:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

Қазақстан мен Ауғанстан сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

182 просмотра
gov.kz

Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Ауған тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттакимен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысын растап, сауда, логистика, білім беру және өңірлік қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне, оның ішінде өңірлік сауданы жандандыруға бағытталған маңызды бастама ретінде Трансауған темір жолы жобасына ерекше назар аударылды.

Қазақстан Ауғанстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, медициналық қызметтер мен білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған гуманитарлық бағдарламаларды дамытуға дайын екенін растады.

Ауған тарапы көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның елді қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге қосқан үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құруды толықтай қолдады.

Тараптар алға қойылған жоспарларды табысты іске асыру үшін сындарлы диалог пен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Кеше, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.


OSZAR »