Атырау, 16 мамыр 10:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

Балықшыдағы тұйық көше: қараңғылық, батпақ және жауапсыздық

155 просмотра

Балықшыдағы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 16 үйден тұратын шағын тұйық көше коммуналдық қызметтердің назарынан тыс қалған: мұнда не асфальт, не көше жарығы жоқ. Қараңғылық түскен сайын және жаңбыр жауған кезде тұрғындар үшін нағыз сынақ басталады.

- Жаңбыр жауған кезде мұнда жүру мүмкін емес. Саз-батпақ, балшық, су тізеден келеді. Балалар мектепке, ересектер жұмысқа дұрыс жете алмайды. Мұның бәрі нағыз сынаққа айналды, — дейді тұрғын Вера АМЕТОВА.

Құрғақ күні де жағдай айтарлықтай мәз емес: жол шаңды, ой-шұқырларға толы. Ал жаңбыр жауысымен, су апталап құрғамай, көшені батпаққа айналдырады. Үйге көлікпен жету қиынның қиыны, ал жаяу жүру — нағыз ерлік.

- Жазда барлық жер құрғақ сияқты көрінеді. Бірақ бізде сәл жаңбыр жауса болды, су жиналып қалады, жүру де, көлікпен өту де мүмкін емес. Міне, көршіміз де, байқасаңыз, амалдап жолын тауып, ауласын көтеріп алған, — дейді жергілікті тұрғын Клемент ЯКУШИН.

Бұл жерде жарық мүлдем жоқ. Көше шамдары орнатылмаған, сондықтан кешкі уақытта бүкіл көше қараңғылыққа батады. Тұрғындар, әсіресе күзгі-қысқы мезгілде, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне алаңдайды.

- Ең болмаса, коммуналдық-шаруашылық бөлімінен қандай да бір түсініктеме болса ғой. Қандай да бір жоспар бар ма, бірдеңе жасау ойларында бар ма, түсінгіміз келеді? — дейді Алексей ДУБОВИК.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік пен қалалық қызметтерге жүгінудің ешқандай нәтижесі болмаған. Кейбір шенеуніктер асфальттың жоқтығына сілтеп, жарық орнату мүмкін емес дейді, ал бірілері бұл аудан «болашақта қайта салынатын» аймақ екенін айтады.

Алдағы уақытта тұрғындарды тағы бір тізеден батпақ кешетін күз бен толық қараңғылықтағы қыс күтіп тұр.

Редакция Атырау әкімдігінің баспасөз қызметіне: "осы тұйық көшені асфальттау және жарықтандыру жұмыстары биылғы немесе келесі жылдың жоспарына кіре ме?" деп ресми сауал жолдады. Жауап түскен кезде жарияланатын болады.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

Кеше, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.


OSZAR »