Атырау, 25 маусым 04:11
 ашықВ Атырау +23
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62

​Қазақстанға ҰОС жауынгерінің сүйегі жеткізілді

488 рет қаралды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Абай облысының ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері 1943 жылы Новгород облысында қаза тапқан сарбаз Белібаев Оразғалидің сүйегін жерлеу рәсіміне қатысты.

Жауынгердің сүйегі Старая Русса қаласы маңындағы шайқас алаңында жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында табылған. Архивтік деректердің негізінде оның жеке басы анықталып, аты қайтарылды.

Белібаев Оразғали 1908 жылы Зубаир ауылында дүниеге келіп, Белағаш аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанған. Ол фашизмге қарсы күресте ерлік танытып, 1943 жылы қаза тапқан. 2024 жылдың қазан айында Ресейдің "Медведь" іздеу бірлестігі оның қалдықтарын тапқанға дейін, ол хабар-ошарсыз кеткендер қатарында саналған.

80 жылдан кейін жауынгер туған жеріне қайта оралып, жақындарының жанында мәңгілік тыныштық тапты. Оның ұрпағы болмағанымен, туған ауылында ағасы мен әпкесінің балалары өмір сүруде.

Мекеме қызметкерлері сарбаздың рухына құрмет көрсетіп, сүйегі тапсырылған жерге гүл шоқтарын қойды.

— Іс-шара барысында жауынгерлердің ерлігі еске алынып, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғыс білдірілді, — деді тәрбие бөлімінің бастығы Асхат Керімханов.

5 мамыр, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »