Атырау, 26 маусым 04:10
 бұлттыВ Атырау +24
$ 518.50
€ 601.62
₽ 6.61

Атырауда қаза тапқан полицейдің анасына III дәрежелі «Айбын» ордені табысталды

352 рет қаралды

Атырауда ерлікпен қаза тапқан Шалқар АҚЫМҒАЛИЕВТІҢ отбасына ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен ІІІ дәрежелі "Айбын"ордені табысталды. Сондай-ақ ержүрек ұлды дүниеге келтірген оның анасы Ләззат МҰҚАНОВАҒА да алғыс жарияланды. 

Ерлік сын сағатта сыналады. 2019 жылдың 21 наурызында  Шалқар Жайық өзеніне суға батып бара жатқан әйелді құтқарғанымен өзі жағаға жете алмай қаза тапты. Оның денесі бірнеше сағаттан кейін ғана табылды.

Анасының айтуынша, ол полиция болуды кішкентай кезінен армандаған. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін мақсатына жетіп, бес жыл осы салада еңбек еткен. Өзгенің өмірі үшін өзінің өмірін қиған қахарман батыр ерлік танытқан кезде 24 жасқа да жетпеген болатын. Ол  көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы болған. Тумысынан адал,  белсенді, үлкенге де, кішіге де қамқор, өзінің ісіне тиянақты еді. 

Кейін Шалқардың өзі оқыған Береке орта мектебінде "кадет сыныбы" ашылған. Бейбіт күннің батыры қандай құрметке де лайықты еді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 маусым, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »