Атырау, 2 шілде 20:57
 ашықВ Атырау +19
$ 519.29
€ 613.28
₽ 6.62

Томарлыдағы стадион апатты жағдайда

Сурет
285 рет қаралды

Томарлы ауылы тұрғындары жергілікті стадионның жағдайына шағымдануда. Атырау облысы әкімдігінің Telegram арнасына жазған шағымдарда көпшілік стадиондағы орындықтардың сынып, жарамсыз болып қалғанын, күннен күйіп, шіри бастаған шатырлардың кей жерлерде мүлде жоқ екенін атап өткен.

- Жүгіру жолының төсемі көтеріліп кеткен, спортшылар үшін бұл – жарақат алу қаупін тудыруда. Одан бөлек трибуналарда көлеңкелейтін шатырлардың тозығы жетіп, кейбір желмен ұшып жатыр, - дейді тұрғындар.

Әкімдіктің мәліметінше, стадионға жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін маусым айының соңында мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған.

- Жөндеу жұмыстарына жүгіру жолағын жаңарту, көрермендерге арналған трибуналарды қалпына келтіру, шағын футбол алаңын жөндеу, жарықтандыру, қоршау және тағы басқа жұмыстар кіреді. Жөндеу жұмыстары конкурс жеңімпазы анықталған соң ғана басталады, -деді әкімдіктегілер.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Кеше, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »