
АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News эфирінде TikTok әлеуметтік желісінің америкалық бөлімшесін сатып алушылар табылғанын және сатылым туралы хабарламаны алдағы екі апта ішінде жасау мүмкін екенін айтты. Қазіргі таңда бұл қосымша Қытай компаниясы ByteDance-ке тиесілі. Бұл туралы OBOZ.UA хабарлады.
Трамптың сөзінше, сатып алушылар – өте бай адамдар тобы. Сонымен бірге ол Қытай басшысы Си Цзиньпиннің сатылымды мақұлдауы қажеттігін айтты және оның мақұлдау ықтималдығы жоғары деп санайды.
Алайда, Трамп сатып алушылардың аты-жөнін ашпады және қосымша мәлімет бермеді.
2024 жылдың көктемінде АҚШ өкілдер палатасы TikTok-ты пайдалануға тыйым салуға мүмкіндік беретін заңды мақұлдаған еді. Бұл егер TikTok Қытайлық ByteDance компаниясынан бөлінбесе жүзеге асатын еді.
Конгресс мүшелері бұл әлеуметтік желіні ұлттық қауіпсіздікке қауіп деп санаған, себебі Қытай үкіметі ByteDance-ті АҚШ қолданушыларының деректерін беруге мәжбүр етуі мүмкін деп қорққан.
Бастапқы сатылым мерзімі 2025 жылдың 19 қаңтарына белгіленген болатын. Алайда Трамп оны алдымен 5 сәуірге, кейін тағы 75 күнге ұзартты.
Бұрын TikTok-ты сатып алатындар ретінде Трамптың кеңесшісі Илон Маск аталған.
Кейін Трамп тек Microsoft корпорациясының әлеуметтік желіні сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді және басқа компаниялар арасынан "тендерлік бәсекелестік" болатынына үміт артатынын айтты.