Атырау, 3 шілде 11:48
 бұлттыВ Атырау +30
$ 518.37
€ 609.97
₽ 6.60

​Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

212 рет қаралды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды.

Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды.

Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.

Кеше, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »