Атырау, 3 шілде 05:21
 бұлттыВ Атырау +27
$ 518.37
€ 609.97
₽ 6.60

​Антикор ҰҚК қармағына қосылады: Тоқаев Жарлыққа қол қойды

279 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылады.  

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылады

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі

Қайта ұйымдастырылған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі. 

ҰҚК мен еттік қызмет істері агенттігі мирасқор болады

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінен алып тасталды. «ҚР Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына тиісті өзгеріс енгізілді.  

Енгізілген өзгерістірге сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Президенттің қарауына жаңа қызмет туралы ереженің жобасын ұсынуы тиіс. 

ҚР Үкіметі 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы Жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлеп ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу керек. 

30 маусым, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »