Атырау, 25 маусым 16:30
 ашықВ Атырау +22
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62

714 мүгедек азаматтың құқығы қорғалды: инватакси енді тәулік бойы қолжетімді

183 рет қаралды
Фото: freepik.com

Абай облысында прокуратура 700-ден астам мүгедек азаматтардың «инватакси» қызметіне тәулік бойы қол жеткізу құқығын қалпына келтірді.
 
Семей қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, «инватакси» қызметін көрсетуде талаптардың сақталмауы орыналған.
 
Мердігер ұйым қызметтің тәулік бойы қолжетімді болуы тиіс деген міндетті талаптарға қарамастан, тасымалдауды тек сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, жүзеге асырған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақытылы көлік қызметін алу құқықтарын шектеген.
 
Прокуратураның араласуынан кейінмердігермен жасалған шарт Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта «инватакси» қызметі тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз көрсетіледі.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 714 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 

16 маусым, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »