Атырау, 27 маусым 17:25
 ашықВ Атырау +17
$ 518.34
€ 607.18
₽ 6.62

Атырауда ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық клуб ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды

Бейнежазба
478 рет қаралды

«Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері клубы» Коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды.

Мердігер – «Құрманғазы Строй Групп» ЖШС. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі – 60 күн.

Жөндеу облыстық мәслихат ақпан айында бөлген қосымша қаражат есебінен қаржыландырылуда.

Жөндеу аясында ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары жаңартылып, сылақ, әктеу және бояу жұмыстары жүргізіледі. Есіктер мен терезелер ауыстырылып, жаңа керамикалық жабындар төселеді, санитарлық жүйелер толық жаңартылады.

Сонымен қатар, ескірген ағаш еден жабындысы арнайы спорттық жабынмен алмастырылады.

Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылған: жаңа бейнебақылау камералары мен өрт дабылы орнатылады. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус орнату, жылыту радиаторларын ауыстыру және аумақты қоршауды жаңарту жоспарланған.

Айта кетейік, клуб ғимараты 1974 жылы салынған және содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Тек 2006 және 2009 жылдары жеке бөлмелерді кеңейту бойынша шағын құрылыс жұмыстары жүргізілген.


27 мамыр, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »