Атырау, 17 маусым 13:39
 ашықВ Атырау +23
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52

Маңғыстауда ҚР Президентінің кеңесшісі мәдениет, спорт және қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесті

292 рет қаралды
gov.kz

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің мәдениет, спорт және қоғамдық бірлестік өкілдерімен бас қосты.

Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, мәдениет және спорт саласының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру үшін заманауи талаптарға сай жеке заң қажеттігін атап өткенін тілге тиек етіп, аталған заңның қабылдану мерзіміне қатысты сауалдарын қойды.

Президент кеңесшісі қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.
–Елімізде «Қоғамдық бірлестіктер және қоғамдық кеңестер туралы» заң бар. Оны қайта қабылдау қажеттілігі жоқ. Өткен жылы бұл заңға өзгерістер енгізілді. Заңнамалық тұрғыдан барлық мүмкіндік қарастырылған. Егер техникалық немесе нақтылауды қажет ететін мәселелер туындаса, оларды тиісті органдармен бірлесе отырып шешуге болады, – деді Мәлік Отарбаев.

Сондай-ақ, кездесуде өңірде жаңа спорт кешенін салу бойынша да ұсыныстар айтылды. Президент кеңесшісі бұл ұсыныстардың орынды екенін жеткізді.

-Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының дамуына айрықша мән беріп, өңірдегі барлық мәселені жіті бақылауда ұстап отыр. Бүгінгі жиында қозғалған барлық мәселе өзекті және орынды. Спорт саласына қатысты айтылған ұсыныстар бүкіл өңірлерге ортақ. Қазіргі таңда спорт және туризм саласын дамытуға жауапты министрлік қайта құрылып, жүйелі жұмыстар жалғасуда, - деді Мәлік Отарбаев.




20 мамыр, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »