
Атырауда 16 мамырда Халықаралық музей күніне орай Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі мен Ш.Сариев атындағы өнер музейінде «Музей түні - 2025» шарасы өтеді.
Кешкі 18:00-ден 23:00-ге дейін музей есіктері барша тұрғындарға тегін ашылады.
Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі хабарлағандай, бағдарламада түнгі музейдің құпия әлеміне саяхат жасап, концерт тамашалап, танымал шеберлермен кездесіп, зергерлік пен тоқыма өнерінің сырын үйрену бойынша шеберлік сағаттарға қатыса алады. Өткен ғасырларға шолу жасап, білім мен тапқырлығын сынау мүмкіндіктері бар. Кішкентай көрермендер үшін де викторина, квест және экскурсиялар болады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ