
Ұлттық банк төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:
- Тығырыққа тірелдік деген не сөз? Несие алмауға да болады ғой, тоңазытқышсыз да өмір сүруге болады.
(«Нұр Отан» парламенттік фракциясының жиналысында айтылған)
Ұлттық банк төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:
- Тығырыққа тірелдік деген не сөз? Несие алмауға да болады ғой, тоңазытқышсыз да өмір сүруге болады.
(«Нұр Отан» парламенттік фракциясының жиналысында айтылған)
АМУ ректоры Бейбіт МАМЫРАЕВ:
- Егер балалар осы кезден бастап белгіленген тәртіпті айналып өткілері келсе, бұл қауіпті үрдіс... Біз оларға заңды бұзуға болмайтынын түсіндіруіміз қажет.
(ҰБТ тапсырудың бірінші кезеңінен соң айтылған)
Саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан ҚОСАНОВ:
– Біріккен «Азат» ЖСДП-ын тіркегісі келмеген Әділет министрлігінің ұстанымын пайдаланып, әріптестеріміз өмірін құрбан еткен оппозиция бірлігінің мүддесін сатып кеткендермен бірге отыру қисынсыз деп есептеймін (оның үстіне мені онда ешкім шақырған жоқ)!
(Ж.Тұяқбайдың бастамасы бойынша Азаматтық кеңес құру жөнінде Facebook-те айтылған)
ҚР ЭСҚКА департаментінің бастығы Олжас БЕКТЕНОВ:
- Парамен қасақана арандату – бұл, біздің ойымызша, қаржы полициясы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметкерді әдейі заңсыз сыйақы ұсыну арқылы арнайы тексеру элементі... Оны (параны) алған жағдайда бұл мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатуға негіз болады.
(«Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтылды)
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ:
- Жер телімдері тек Қытай Халық Республикасының азаматтарына ғана емес, Ресей мен басқа шетел азаматтарына (жалға) берілді. Сондықтан, біз мұнда алып бара жатқан проблеманы көріп отырғанымыз жоқ.
(Астанада өктен брифингте айтылды)
ҚР Қорғаныс министрі Серік АХМЕТОВ:
– Қазақстан Республикасы бірде-бір мемлекет өзіне ықтимал қарсылас болып табылмайды деп есептейді.
(Министрдің блогына түскен сауалға берген жауабынан)
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат МӘМИ:
- Мен кез келген жұлдыз жорамалға сенбеймін... 9 мамыр мен үшін киелі күн және ол менің туған күнім болғандықтан емес. Бұл біздің ата-бабаларымыздың, соның ішінде менің майдангер әкемнің (Брест қамалын қорғаушылардың бірі) Жеңіс Күні.
(Осы жылдың 5 мамыры күні «Zakon.kz» ақпарат агенттігіне берген сұхбатынан)
ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
- Мен экология министрі Қаппаров пен әкімдікке осы мәселені шешуді тапсырған болатынмын. Енді басқа нұсқаға қарағанда 370 млрд теңге қажет екен. Мұндай министрлермен мемлекет тақырға отыруы мүмкін. Тәбеттеріңді басып, нысандарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіңіздер.
(Астананы дамыту жөніндегі сумен қамту жобалары туралы айтылды)
ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
– Жақында, сәуірдің басында Ресейдің Псков облысына қарасты Невель қаласының орталық көшелерінің бірін 1944 жылы осы жерде көмілген жерлесіміз, павлодарлық Әбілхайыр БАЙМОЛДИННІҢ атымен атады.
(Қазақстан халықтары ассамблеясының ХХI сессиясында айтылды)
ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
– Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Белгілі бір саяси өзгерістер орын алса, ақшасы бар бизнесмендерді алқымынан алып, ойларына келгенін жасатады.
(1 маусымға дейін капитал рақымшылығы туралы заң жобасын дайындау туралы айтылған)
«“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат ИБРАГИМОВА:
– Қазақстанда кәсіпкер болатын адам – нағыз патриот. Ол өзіне табыс тауып, басқаларға жалақы төлеу үшін тәуекелді қызмет саласымен шұғылданатын адам.
(«Эксперт - Батыс Қазақстан» І Аймақтық инвестициялық-экономикалық форумында айтылды)
Украина президенттігіне үміткер, экс-премьер Юлия ТИМОШЕНКО:
– Мен Украина Қырымнан айырылды және онымен келісу қажет дегенді қабылдамаймын. Мен мұнымен ешқашан да келіспеймін.
(29 наурызда «Батькивщина» партиясының съезінде айтылған)
ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
– ...біз бәріміз Украинаға, яғни 5 АЭС, 15 атом реакторы жұмыс істеп тұрған және ракеталық технологиялар саласында әлеуеті бар елге ядролық мәртебені қайтару жөніндегі кейбір саясаткерлердің жауапсыз мәлімдемелеріне үлкен алаңдаушылықпен қарауымыз тиіс.
(Гаагадағы ядролық қауіпсіздік бойынша өткен Саммитте айтылған)
Беларусь президенті Александр ЛУКАШЕНКО:
- Экономика қандай болса да, біз не істесек те, егер елде сыбайлас жемқорлық болса, бұл тат бәрін жеп қояды!
(Украинадағы оқиғаларға қатысты айтылды)
АҚШ президенті Барак ОБАМА:
– Біз олардың Қырымға басып кіруін айыптадық және жағдайды ушықтырмауға шақырамыз – халықаралық бақылаушылар тез арада сол елге барулары қажет...
(Вашингтондағы Пауэлл атындағы мектепке сапары кезінде айтылған)
Украинаның премьер-министрі Арсений ЯЦЕНЮК:
- Ресейдің әскери контингенті бүгінде тек Қырым шекарасында ғана қалды... Ресеймен қарым-қатынас тоқырауының шарықтау шегінен өттік. Әскер кіргізу туралы шешім (РФ президентінің – «АЖ») қабылданған жоқ деп айтқан Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің сөзі шындыққа жанасады деп үміттенемін.
(3 наурызда Киевте айтылған)
ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН:
- Экспаттарға деген қажеттіліктің бары рас. Сәйкесінше олардың жалақысы өз елдеріндегі өмір деңгейімен сәйкес келеді және оған іссапар шығындарын қосыңыз. Бұл жерде мәселе – айырмашылықтың қаншалықты үлкендігінде. Біз бұл мәселені талқылаудамыз және кей жерлерде мамандарымыздың жалақысы шетелдіктермен теңесіп келе жатыр.
(20 ақпанда Оралда БҚО әкімінің есеп беру жиынында айтылды)
Қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВ:
– Қазіргі парламентті таратып, заңға өзгеріс енгізу қажет және еліміздің парламенттік республика атануына ұмтылуымыз керек.
(17 ақпан күні Атырауда өткен наразылық акциясында айтылды)
ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
- Атыраудың бизнесмендерiнде сұрақ жоқ, түсіндім.
(6 ақпан күнi кәсіпкерлермен кездескенде айтылды)
Аслан СӘРІНЖІПОВ, ҚР Білім және ғылым министрі:
-Аттестация нәтижелері бойынша мемлекеттік жоғары оқу орындары студенттерінің 11%-ы тестілеу кезінде төменгі шектен әрі қарай аса алмады. Жекеменшік шағын жоғары оқу орындарының жағдайы одан да нашар – студенттердің 32%-ы осы асуды бағындыра алмады. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары осы жағдайды түзей алатындықтары жөнінде, ал жеке жоғары оқу орындарының құрылтайшылары өз оқу орындарының қоғамға қажеттілігі туралы ойланып, не елдің ортақ стратегиясына, не құрылтайшылардың жеке баюына жұмыс жасайтындықтарын анықтаулары керек.
(31 қаңтарда БҒМ-нің алқа жиналысында айтылды)
ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі ЛЭ Юйчен:
- Біздің әртарапты стратегиялық әріптестік қатынастарымыздың мазмұнын байыта отырып, ел мықтылығы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «қытай арманы» мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін бірлесе күш салатын боламыз.
(Қытай Жаңа жылы құрметіне арналған қабылдауда айтылған)
ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
- ХХІ ғасырдағы Қазақстан – талантты, еңбексүйгіш, тағатты халықтың жиырма жылда «нөлден бастап» жасаған елі!.. Сонымен, 2050 жылға дейінгі уақытты жеті бесжылдыққа бөлеміз, олардың әр қайсысы бір мақсатқа – 30 дамыған ел қатарына қосылуға қол жеткізу мәселесін шешеді.
(17.01.2014 күнгі Қазақстан халқына жолдауынан)
Экстрасенс Бақыт ЖҰМАТОВА:
- Иә, алайда тек 160 теңгеге дейін, оны (долларды) ұстап қалады. Жалпы, ел валюта ауыстыруға жақындап келе жатыр. Болашақта Кедендік одақтың ортақ валютасы болады деп ойлаймын. 4 миллион теңгеден артық ақшасы бар адамдар өз қаражатын банктерде ұстағаны дұрыс, әйтпесе тоналып қалуы мүмкін... Мен бұл ойындарды (Сочидағы Олимпиадалық ойындар) көріп тұрған жоқпын. Сондықтан да қазақстандық спортшыларға жүлденің ауылы алыс шығар.
(«Мегаполис» газетіне берген сұхбатында айтылды)
ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
- Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.
(Рождество мерекесімен құттықтау сөзінен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат ОСПАНОВ:
- Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін жеке топтарға бөліп, тарифтерді төмендету мәселесін шешуіміз керек... Монополияшылардың шағын және орта бизнес субъектілеріне техникалық талаптар немесе қосымша қуат беруден кез келген бас тартуларын негізділігі мен заңдылығы тұрғысынан мұқият кері тексеру қажет.
(26.12.2013 күні ТМРА алқа кеңесінде айтылды)
ҚР Ұлттық ҒА академигі Мұфтах ДИАРОВ:
- Инвесторлардың қаржылық құралдарын үнемдеу мақсатында тұрғын үй массивтерінен жүздеген метр жерге жаңа химиялық өндіріс салу адамгершілікке жат және жол беруге болмайтын нәрсе. Осы өндіріске жер бөлген адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы керек. Жаңа химиялық өндірістер қаладан алыстатылып, «Болашақ» зауытының арғы жағына салынуы тиіс.
(«Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технобағы» ЕЭА-ның техникалық-экономикалық негіздемесіне қатысты айтылған)
ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
- Астанаға деген махаббат - әрбiр қазақстандықтың Отанымыз Қазақстанға деген перзенттiк сезiмі. Бұл жаңа қазақстандық патриотизмнiң альфа мен омегасы.
(Тәуелсіздік күніне арналған жиында айтылды)
Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:
- Маған түнгі екі-үштерде адамдар телефон шалып, иістен ұйықтау мүмкін емес деп шағым айтады. Біз бұл мәселені бірнеше рет көтергенбіз. Бұл иіс қайдан шығатынын, бізді түнде кім улап жатқанын анықтадыңыздар ма?.. Мен мұның себептерін анықтап, жұмыстарын тоқтатыңдар деп үзілді-кесілді талап қоямын. Бұл үшін өзім жауап беремін!
(Облыстық әкімдікте болған жиналыста айтылған)
Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ:
- Атырау облысында 500-ге тарта шетелдік фирмалар мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды... Біз олар талап етіп отырған мамандарды дайындап үлгере алмай жатырмыз, сондықтан да шетелдік жұмыс күшін кіргізу тоқтамай отыр. Мен өзім жұмысшыларды кіргізуге квота беретін кеңестің мүшесімін және жыл сайын бізге 10 мыңнан астам адамдар келетінін білемін. Бұл жерде тағы бір даулы мәселе - шетелдік фирмалар бос жұмыс орындарын жариялайды, алайда біздің жұмыссыздар арасынан жіберген үміткерлерімізді жұмысқа алмайды.
(Атырау политехникалық колледжде болған республикалық семинарда айтылды)
Қазақ КСР Экономика институтының бұрынғы қызметкері Сағит ОСПАНОВ (журналистік лақап аты):
- «Халық банкінің Зейнетақы қоры», «Ұлар-Үміт», «Грантум» зейнетақы қорларының акцияларын БТА және «Қазкоммерцбанк» акцияларына айырбастау арқылы «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуы жөніндегі келіссөздерге кім бастамашы болғанын анықтау керек. Өйткені, осы зейнетақы қорларынан азаматтардың міндетті зейнетақы жинақтарын шығарғанда, оларда, шын мәнінде, жарытымды актив қалмайды. Мемлекет, іс жүзінде, құр атауды ғана сатып алайын деп отыр. Мұндай жағдайда Остап Бендер былай деген: «Мен сізге ескі шалбарымды сата аламын».
(ВМЕСТЕ!КЗ сайтында жарияланған «За пенсионные фонды выкуп не дадут» мақаласынан)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Рауан ШАЕКИН:
- Кінәсі бар премьер-министр ар-ожданы алдында азап шегіп, халықтың табалауынан ұялып, өз өмірін өзі қиса – бұл, менің ойымша, жаман құлық емес.
(ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да болған брифингте айтылған)
Экономист Петр СВОИК:
- Облыстағы ахуал үшін кім жауап береді? Әкімдер. Облыстарға бюджет, заңдар және нұсқаулар арқылы кім бақылау жасайды? Үкімет. Міне, Өңірлік даму министрлігі осы екі «аяқтың» астында ірметіліп, еш пайда әкеліп жатқан жоқ.
(«Время» газетінде «Өңірлік даму министрлігі керек пе?» деген сұраққа берген жауабы)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл СОЛОВЬЕВА:
- Бюджет үкіметтің қолында. Ол ақша мен қалтаға ие отанасы сияқты болғандықтан, біз әке ретінде айтамыз, тәрбиелейміз, ақшаны анда жою керек, мында жою керек деп ескертіп отырамыз.
(ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте айтылған)
ҚР Көліктік бақылау комитетінің «Каспий» инспекциясының басшысы Самат ҒИЛЫМОВ:
- Өліммен аяқталатын жол апатының «қара жолағын» жеңу үшін облысқа заңсыз таксилерді түбегейлі жою керек деп есептеймін. Басқа облыстарда ауылдарды автобуспен тасымалдау үшін жергілікті бюджеттен демеуқаржы бөлінеді. Біздің облыста аудандық автобус маршруттарына тендерлердің жартысы тиімсіз болғандықтан өтпеді деп танылды. Міне, сондықтан да заңсыз таксилер көбейіп жатыр. Жеңіл табысқа құмарту салдарынан «шумахерлер» аса қатты жылдамдықпен ұшырып жүргізіп, адамдардың ажалына қалады.
(Облыстық әкімдіктегі кеңесте айтылды)
Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:
- Қазір билік жаңа радикалды ағындарды болдырмау үшін болашақта «джихадшы» болуы мүмкін адамдарды жіті бақылауға алулары керек... Араб елдеріне кетіп үлгергендерді кері қайтару оңай болмас. Қазақстандық арнайы қызметтерді елден кеткендер көп алаңдатпауы тиіс, өйткені салдармен емес, себептермен күресу қажет. Ең бастысы, бұл жағдайда осы радикалдардың елімізге терактілер жасау үшін қайта оралуына жол бермеуіміз керек.
(total.kz сайтына берген сұхбатынан)