Атырау, 22 мамыр 10:53
 бұлттыВ Атырау +24
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37

Барлық дәйексөздер

18 ақпан 2015

ҚР Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Команданы жинаймыз дейді. Кейін команда бандаға айналады, Атырау облысындағыдай.

(Ақ Ордада өткен кеңесте айтылған)

10 ақпан 2015

ҚР энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК:

- 2013 жылы орын алған техникалық келеңсіздіктерді түзеу бойынша жұмыстарды 2016 жылғы желтоқсанда бітіруді жоспарлап отырмыз. Содан кейін Қашағанда коммерциялық мұнай өндіру басталады.

(Атырауға сапары барысында айтылған)

3 ақпан 2015

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ Елбасының төлбаласы іспетті, сондықтан біз одан ешқашан шықпаймыз. Егер бір жағдай бола қалса да, одақтың құрамынан соңғы болып шығатын біз боламыз.

(Алматыдағы кәсіпкерлермен кездесуде айтылды)

27 қаңтар 2015

Атырау қаласындағы №7 емхананың бас дәрігері Ғазиз ЕСҚАЛИ:

- Тегін дәрі-дәрмекке қаржыны көршілес Оралда бізден үш есе көбірек бөледі. Біздер мұнайлы астана бола тұрып осындай мәселелерді шеше алмаймыз. Мен осыған таңғаламын. Біздің мәслихатта отырған депутаттарымыз не бітіріп отыр?

(Медицина мәселесі сөз болған «дөңгелек» үстелде айтылған)

20 қаңтар 2015

Владыка Антоний, Орал қ.:

- Шоқыну – бұл денсаулық, бейбітшілік, келісім, махаббат, заңдардың орындалуы мен президентке бағыну мерекесі. Құдайға және президентке!

(Шоқыну мерекесін тойлау кезінде айтылған, «Мой город» сайты)

13 қаңтар 2015

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь ЛЕПЕХА:

- ...егер бала ірі болса, бойы 135 сантиметр, салмағы 36 келі болса, онда ол талапқа  (балалардың 12 жасқа дейінгі санаты туралы ЖҚЕ талаптарына) кірмейді, өзіңізбен бірге туу туралы куәлікті алып жүрудің қажеті жоқ. Біз бойы 135 және одан жоғары, тіпті 134 сантиметр болатын баланы көзбен шолып көрдік – ондай жағдайда ешкім ешқандай талап қоймайды.

(Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылған)

7 қаңтар 2015

ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН:

- 2014 жылдың 13 желтоқсанында басқа мәселелермен қатар «бастапқы» құбырға байланысты барлық мәселелер реттелген ҚР мен Солтүстік-Каспий жобасының Мердігер компаниялары арасындағы реттеу туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде хабарлаймыз. ...Республика осыған байланысты ешқандай шығынға ұшырамайды деген келісімге келді.

(«АЖ»-ның жазбаша сауалына берген жауабынан)

29 желтоқсан 2014

Тәуелсіз сарапшы Петр СВОИК:

- Бұл бірлестік 1 қаңтардан бастап толық қуатты жұмыс істейді деп ойлау – адасушылық. Оның іске қосылғандығы жөнінде жарияланады, ол жұмыс істейтін болады, бірақ әрбір келесі жылдың 1 қаңтарында ЕАЭО жалпы ережелер мен заңдар және оларды орындайтын жалпы органдардың жоқтығына тоқтала бермек.

(«Время» газетіне берген сұхбатынан)

23 желтоқсан 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Менің стилисім де, костюмерім де жоқ. ...Мен өзім қара күрек, шойын сүймен ұстаған металлургпын. Мені тәрбиелеген осы. Барлығын өзім жасаймын.

(Ақордада жас журналистермен өткен кездесуде айтылды) 

16 желтоқсан 2014

ҚР премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВ:

- ҚХР Қазақстан үкіметіне шикізаттық емес сектор қуаттылығын Қазақстан аумағына көшіру жобасын ұсынды. Әңгіме бірнеше миллиардтық келісімшарттың шикізаттық емес секторға қатысы бар ондаған кәсіпорындар жайында болып отыр. Біз бұл ұсынысты ризашылықпен қабыл алдық.

(Астанада өткен ШЫҰ-ның үкіметтері басшыларының отырысынан кейін айтылды)

9 желтоқсан 2014

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан ҚАДЫРОВ:

– Егер содыр Шешенстанда полиция қызметкерін немесе басқа адамды өлтірсе, оның отбасы жедел түрде Шешенстаннан қайтып оралу құқығынсыз шығарылады да, үйі іргетасымен бірге сүріледі... Мен бұл жерде ешкімге қан төгуге жол бермеймін!

(Грозныйда 14 полицей мен 11 содыр қаза болғаннан кейін айтылды)

2 желтоқсан 2014

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Алдымызда басты ұлттық мейрамдарымыз - Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күні мерекелері бар. Шыршаны 17 желтоқсаннан бастап құру керек.

(28 қараша күні өткен облыстық мәслихат сессиясында айтылды)

25 қараша 2014

Өзбекстан Республикасының президенті Ислам КАРИМОВ:

- ...Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге комплимент жасағым келеді, жастайынан Алла бойына кемеңгерлік дарытатын адамдар бар.

(Астанаға сапары кезінде айтылған)

18 қараша 2014

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Президентке хат жазбаңыздар! Хаттарыңыз қаралу үшін бәрі бір менің алдыма келеді. Үйлерді бөлумен қала және аудан әкімдері айналысады. Тұрғын үйлер кезек бойынша және заңға сәйкес бөлінеді.

(Облыс активінің жиналысында айтылған)

11 қараша 2014

РФ президенті Владимир ПУТИН:

- Егер Ресейде бір цифрлар, Қазақстанда басқа, ал Белоруссияда – үшіншісі болса, онда бүкіл бизнес не Қазақстанға, не Белоруссияға көшеді.

(АТЭЫ саммитінде электронды саудаға салық салу туралы мәселеде айтылған)

4 қараша 2014

Президенттің курстасы Заман ИМАМДУНОВ:

- Біз, көзі тіріміз, арнайы фирма құрдық – ол «Нұрсұлтан Әбішұлының курстастары фирмасы» деп аталады. Оған мүмкіндігімізше көмектесу үшін... Қазір Қытаймен бірлесіп, теміржолға арналған қосалқы бөлшектерді шығарудамыз, сұраныс өте көп. Жамбылда қажетті дүниені ашқалы отырмыз. Енді, бірдеңелер жасауды бастап жатырмыз...

(«Радиоточка» сайтында өзінің «...курстасы» визиттік кәртішкесіне орай берген сұхбатынан)

28 қазан 2014

АМӨЗ экологиялық қызметінің бастығы Өтесін УАНДЫҚОВ:

- Биылғы жылы 4,9 млн тонна мұнай өңдеу жоспары жүзеге асса, атмосфераны ластайтын заттардың шығарындылары 7 мың тоннаға... сарқынды сулармен тасталатын заттар 6,5 мың тоннаға... тазартылған өнеркәсіптік сарқынды суды қайталама пайдалану арқылы тұтынатын су көлемі мен бұрып ағызатын су көлемі 4,6 млн текше метрге... азаяды деп күтіліп отыр.

(АМӨЗ-дің 2015-2017 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары жөніндегі қоғамдық тыңдауларда айтылды)

21 қазан 2014

«ҚМГ салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС-нің бас директоры, бұрынғы премьер-министр Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ:

- Мұндағы мұнай-газ компанияларының бірінші басшылары бір жарым ай бұрын шақырылғанына қарамастан бүгінгі кездесуге келмеді. Мүмкін оларды селк еткізіп, ұйқысынан ояту үшін Еңбек министрлігінің ықпалы керек шығар.

(Премьер-министрдің орынбасары қатысқан APEC Petrotechnic кеңесінде айтылды) 

14 қазан 2014

Ресейдің Олимпиада комитетінің құрметті президенті Виталий СМИРНОВ:

- Сіздер мені үнемі саясатқа тартасыз да тұрасыздар! Және менің сізге: «иә, қазақтар (референдум немесе халықтың арасында сауалнама) өткізбейді, онда басқа режим, бұл демократиялық Норвегия емес!» деп айтқанымды қалайсыз. Бейжің де солай. Сіз маған сұрақ қойдыңыз, мен сізге жауап бере отырып былай деймін: өтінім комитеті міндетті түрде қоғамдық пікір сауалнамасы жөніндегі тиісті құжат материалдарын ұсынуға тиіс.

(«Газета.Ru» сайтына Ослоның 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өз өтінімін қайтарып алуына орай берген сұхбатынан)

7 қазан 2014

«Астана EXPO-2017» ҰК басқарушы директоры Салтанат РАҚЫМБЕКОВА:

- Ди Каприоны шақырамыз, климат мәселелері жөніндегі елші ретінде ол біздің алаңда болуға міндетті... Бізде Джоли, Шварценеггер сияқты жұлдыздар да климаттың өзгеруіне қарсы күреске айтарлықтай үлес қосып жүр.

(Атырауда өткен форум сыртындағы әңгімеде айтылды)

30 қыркүйек 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Есте ұстаңыз, бұл ғимаратты Ізмұхамбетов, Атырау облысының губернатор-әкімі 8 ай ішінде салып болды. Ал, бұл (ғимарат) Атырау игілігі үшін қызмет етуге қалады.

(Башқұртстан президентіне форум өткізу эстафетасын табыстау кезінде әзіл-шыны аралас айтылған)

24 қыркүйек 2014

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ:

- Мәселен, директор болған соң өз пьесасын сатып алады. Содан кейін ақша табу үшін өзі режиссер болады. Басты рөлде сүйікті жары және өзі де ойнайды. Астанада театрлардың бірінің директоры қойылымдардағы бүкіл басты рөлдерді өз жарына беретін. Ұжым қарсы шыққан соң, басшы жұмыстан шығып кеткен болатын.

(ҚР Парламент Мәжілісіндегі сөзінен кейін журналистердің алдында айтқаны)

16 қыркүйек 2014

ТЖМ ардагері Мұрат ЖҰМАТАЕВ, Алматы қ.:

- Ал егер біз қазір бүкіл бақылау құзіретін коммерциялық ұйымдарға беріп жіберсек, онда нағыз бейберекетсіздік орын алады! Тәуелсіз сарапшылармен жұмыс істеп көргендер ақша үшін олардың кез келген қағазды жасап беретінін біледі.

(«Время» газетіне құрылысты бақылауға қатысты берген сұхбатынан)

9 қыркүйек 2014

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл СОЛОВЬЕВА:

- Неге мұнайшылардың, депутаттардың немесе бизнесмендердің балалары оқулықтарды тегін алулары тиіс? Мемлекет халықтың аз қамтылған және басқа да әлеуметтік қорғалмаған тобын оқулықтармен қамту үшін мүмкіндіктер қарастыруы тиіс.

(«Мегаполис» газетіне берген сұхбатынан)

2 қыркүйек 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Осы көктемде менің атыма бір топ кәсіпкер облыс басшылығының жер мәселелеріне қатысты заңсыз әрекеттерін тоқтату жөніндегі өтінішпен шағымданған болатын. Мен араластым... Тәртіпсіздіктерге жол беріліп отырғанда, ол қалай бұл лауазымды атқарып, бұйрық бере алады.

(Биылғы жылдың маусымында Қарағанды облысының әкімін қызметтен босату себебін айтқандағы сөзі) 

26 тамыз 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қазір орыстыкі болсын, басқаныкі болсын, барлық мектептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналады. Қай мектепке барсаңыз да, 6-7 сыныптағы қай баланы кездестірсеңіз де, ол қазақша, орысша, ағылшынша сөйлеп тұрады.

(«Хабар» телеарнасына берген сұхбатынан)

19 тамыз 2014

Қытайдың халықаралық мәселелер институтының жетекші қызметкері ЛЮ Сюэчэн:

– Ресей мен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты мәселелер шешілген соң, Орталық Азияға қатысты кейбір алауыздықтар туындайды.

(«Жэньминь Жибао» газетінде айтылды)

12 тамыз 2014

ҚР ҰҒА академигі Мұфтах ДИАРОВ:

- Бізге Теңіз, Қарабатан және Қашағанның шығарындылары жетіп жатыр... Сіздер, ең болмағанда, тотықтың ыдырау периодын білесіздер ме? Шығарындылар бір тәулікте 1800 шақырымға жайылады, ал қаламызға олар жеті минуттың ішінде жетеді.

(«Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркінің» құрылысы жөнінде өткен қоғамдық тыңдауларда айтылған)

5 тамыз 2014

«Халықаралық мұнай сервистік СИНОПЭК Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары Руслан ҚОЖАХМЕТ:

- Олардың қазақстандық және қытайлық жұмысшылардың жалақыларындағы диспропорциялар мен дискриминацияны жоюлары үшін... мен оларды біздің заңнаманы сақтауға әрмен қарай да міндеттеуді жалғастырамын...

(Алматы қ. аудандық сотының оны жұмысқа қайта алу жөніндегі шешімінен соң ҚазТАГ-қа берген сұхбатынан)

29 шілде 2014

РФ-ның бірінші вице-премьері Игорь ШУВАЛОВ:

- Тағы 5-10 жыл өткен соң бірыңғай валюта мәселесі алдымызда тұратыны анық: бірыңғай эмиссиялық орталық болады, бірыңғай валюта болады.

(Қазан қаласында студенттермен болған кездесуде айтылды)

23 шілде 2014

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Талғат ЕРМЕГИЯЕВ:

- Мен жобаның өзін-өзі ақтайтынына кепілдік беремін. Бірақ ЭКСПО-ның құндылығын тек ақшамен ғана өлшеудің қажеті жоқ.

(«Forbes.kz» басылымына берген сұхбатынан)

16 шілде 2014

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВА:

– Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында балабақшалардың жартысы жекеменшік. Жекеменшік балабақшалардың қызметі үшін төлемақының жартысы мемлекеттік субсидия түрінде өтеледі. Ал атыраулық жекеменшік балабақшалар қағаздар мен тексерулер көп болады деп, субсидиялармен байланысқысы келмейді...

(Жеке мектепке дейінгі мекемелер төлемақысының қымбат екендігіне қатысты айтылды)

8 шілде 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Осы жағымпаздықты қайдан үйренгенсің?.. «Нұрлан Плаза» деп қой атауын. Жарайды, шешерміз оны.

(Астанада салынып жатқан «Мега Плаза» сауда орталығының атауы президентке ұнамағандықтан оны «Нұр Плаза» деп өзгертуді ұсынған бизнесмен Нұрлан СМАҒҰЛОВҚА қарата айтылған)

1 шілде 2014

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жанар БЕКБАНОВА:

– Ғашықтық пен масайраған күйде болса да, заңды жағын естен шығармауы керек.

(Ресми тіркеусіз неке қиюдың сәнге айналғаны жөнінде қарағандылық әйелдермен болған кездесу кезінде айтылды)

24 маусым 2014

Денсаулық сақтау министрі Салидат ҚАЙЫРБЕКОВА:

- Қалтасынан ақшаны қайта-қайта шығармас үшін және дәрігерлерді азғырмас үшін әркім (тегін медициналық көмек тізімін) өзі білуі тиіс.

(«Нұр Отан» жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте айтылды)

OSZAR »