Атырау, 10 шілде 07:34
 ашықВ Атырау +36
$ 518.97
€ 607.30
₽ 6.64

«Бұл – оның жеке пікірі»: «Атырау» ФК​ экс-ойыншының сынына жауап берді

176 рет қаралды

«Атырау» футбол клубы команданың бұрынғы ойыншысы Никита Капленконың сұхбатында Атырауда болған кезін «ең нашар шетелдік сапарым» деп атаған пікіріне түсінік берді.

Клуб тарапынан сабырлы жауап берілді:

— Бұл оның жеке пікірі. Ол «нашар» деп клубты емес, бүкіл сапарды атады, — деп атап өтті «Атырау» ФК.

Бұдан бұрын Капленко сол уақытта жалақының жоқтығына, басшылықтың болмауына және жалпы тұрақсыздық туралы шағымданған:

— Менің ең нашар шетелдік сапарым болды. Жақсы нәрсе күткен едім, мүлде басқаша болып шықты. Үш ай жалақысыз, директорсыз және иесіз қалдық. Біз клуб емес, тек жаттығуға жиналатын команда болдық. Сұмдық. Қазір, білуімше, жағдай тұрақталды. «Атырау» қиындықтарды еңсереді деп үміттенемін.

Капленко «Атырау» сапында 2025 жылдың ақпанынан мамырына дейін ойнады. Осы аралықта ол сегіз матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді. Кейінірек тараптардың өзара келісімімен клубтан кетті.

Карина МУСАБАЕВА

Кеше, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »