Атырау, 5 шілде 08:53
 ашықВ Атырау +33
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Даниал Ахметовтің күйеу баласы уақытша ҚТЖ басшысы болды

305 рет қаралды
Сурет: "Кедентранссервис" АҚ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып бұған дейін ҚТЖ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Ерлан Қойшыбаев тағайындалды, деп хабарлайды YEDILOV ONLINE.

Ерлан Қойшыбаев - логистика, көлік және инвестициялық басқару саласындағы тәжірибелі маман. Оның кәсіби қызметінде квазимемлекеттік секторда да, мемлекеттік секторда да жұмыс істеген тәжірибесі бар. ШҚО-ның экс-әкімі Даниал Ахметовтің қызы Ахметова Әделияға үйленген.

Білімі:

  • American University in Dubai  (2007) - "Қаржы және банк ісі" мамандығы;
  • ҚазМЗУ (2008) - "Юриспруденция" мамандығы;
  • Қазақ көлік және коммуникация академиясы (2017) - "Логистика" мамандығы;
  • РФ Президенті жанындағы РАНХиГС (2018) - аймақтық және муниципалды басқару бойынша MBA.

Карьерасы:

  • ҚР Қаржы министрінің көмекшісі (2007-2010);
  • логистикалық орталықтар мен компаниялардың вице-президенті және президенті;
  • Қостанай облысы әкімінің орынбасары (2019-2021);
  • 2021 жылдан бастап ҚТЖ төрағасының логистика жөніндегі орынбасары.

Ерлан Қойшыбаевтың тағайындалуы ұлттық темір жол операторы басшылығындағы кадрлық өзгерістерге байланысты. Ол тұрақты төраға тағайындалғанға дейін компания басшысының міндетін атқарады.

1 шілде, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »