Атырау, 27 маусым 01:45
 ашықВ Атырау +25
$ 518.34
€ 607.18
₽ 6.62

Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды

245 рет қаралды

17 маусымда Болгарияның София қаласында өткен Еуропалық физика олимпиадасы (EuPhO-2025) мәресіне жетті. Биылғы жарысқа 39 елден 200-ден астам жас физик қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы жарыста жоғары нәтижелер көрсетті: ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болды.

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек абсолютті жеңімпаз атанып, алтын медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматыдағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленді. «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль алды. Қостанай облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасымен марапатталды.

Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, тәлімгерлер Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындады.

EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық олимпиада. Өткен жылы Қазақстан командасы 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді. Биылғы жетістік елімізде дарынды оқушыларды жүйелі қолдау мен оқытудың нәтижесі екенін дәлелдейді.
18 маусым, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »