Атырау, 22 маусым 19:02
 ашықВ Атырау +16
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

ҚМГ басшысы Атыраудағы ірі полиэтилен зауытының құрылыс барысын бағалады

Сурет
306 рет қаралды

Атырау облысында қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін "Силлено" зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов жұмыс сапары барысында құрылыс алаңына барып, жобаның барысымен танысты.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұнай-газ химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда. 2025 жылдың 31 наурызында «Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағында этилен өндіруге арналған пиролиз қондырғысының алғашқы қазығы қағылды.

Құрылыс жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Пиролиз қондырғысы EPC-мердігері — Tecnicas Reunidas (Испания) және Sinopec Engineering Incorporation (Қытай) консорциумы.
  • Полимеризация қондырғысы EPC-мердігері — Tecnimont S.p.A. (Италия) және SINOPEC Shanghai Engineering Co. (Қытай) консорциумы.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 325 адам жұмыс істеп жатыр, ал белсенді кезеңде бұл сан 8 000 адамнан асады. Зауыт іске қосылғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жобаның жалпы инвестициясы 7 млрд доллардан асады. Құрылыс 2028 жылы аяқталып, өндіріс 2029 жылы іске қосылады.

Зауыт Қазақстанның полиэтиленге деген ішкі сұранысын қамтамасыз етіп, өнімдерін ТМД елдеріне, Еуропаға, Қытайға және Түркияға экспорттауды жоспарлап отыр.

12 маусым, 01:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »