Атырау, 13 маусым 14:29
 ашықВ Атырау +25
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41

Бавариядағы мұнай қажеттілігінің жартысы енді Қазақстаннан жеткізіледі

363 рет қаралды

Қазіргі уақытта Бавариядағы мұнай қажеттілігінің жартысы Қазақстаннан жеткізілетін мұнаймен қамтамасыз етілуде. 2024 жылы Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда айналымы 4,7 миллиард еуроға жетті, бұл Қазақстан мен Германия арасындағы жалпы сауда көлемінің жартысына жуық, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" телеграм арнасы. 

Бұрын Германияға мұнайдың негізгі жеткізушісі Ресей болған, оның үлесі 30-35% аралығында өзгеріп отырды. Алайда, 2022 жылдан бастап бұл көрсеткіш 26%-ға дейін төмендеп, кейін мүлдем жойылды. Ресейдің орнын Норвегия, АҚШ және Қазақстан басты. Қазақстан мұнай экспортын 3,1 миллион тоннаға арттырды, 7,5 миллионнан 10,6 миллион тоннаға дейін.

Қазақстандық мұнайдың бір бөлігі "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германияға жеткізілсе, негізгі бөлігі КТК жүйесі арқылы Новороссийскке, одан әрі Триест портына (Италия) танкерлермен тасымалданады. Кейін Трансальпілік мұнай құбыры арқылы Бавария мен Баден-Вюртембергтегі мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі.

Бұл жағдай Қазақстанға Еуропалық Одақ нарығында жаңа мүмкіндіктер ашты. 

9 маусым, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »