Атырау, 14 маусым 02:23
 ашықВ Атырау +31
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Алматыда Дженнифер Лопестің концерті үшін матч кейінге шегерілді

387 рет қаралды

Әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің 2025 жылдың 10 тамызына жоспарланған концерті белгіленген мерзімде өтеді.

First Media Group және CA Entertainment ұйымдастырушы компаниялары Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубымен және Спорттық нысандар дирекциясымен келісімге келіп, іс-шараны Орталық стадионда өткізу туралы шешім қабылдады.

Көрермендердің жоғары қызығушылығын және концерттің халықаралық маңызын ескере отырып, Қазақстан Премьер-лигасының «Қайрат» – «Жеңіс» матчын 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

«Бұл қадам футбол жанкүйерлері мен музыкалық шоуға келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», — делінген ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесінде.

«Қайрат» футбол клубының 7 және 12 тамызға жоспарланған еурокубоктық матчтары өзгеріссіз қалды және белгіленген кестеге сәйкес өтеді.

Ұйымдастырушылар «Қайрат» ФК басшылығына, Қазақстан футбол федерациясына, «Женіс» клубына, қалалық қызметтерге және стадион дирекциясына жобаны қолдағаны үшін алғыс білдірді.

«Біз мұндай бірлескен шешімдер Алматының халықаралық іс-шаралар мен туристер үшін тартымды орталық ретінде дамуына ықпал етеді деп сенеміз», — деп атап өтті First Media Group.

Билеттер 28 мамырда сағат 10:00-де ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

Пайдаланушылардың мәліметінше, онлайн-кезек 12 мың адамға жеткен, ал сағат 14:00-де барлық билеттер сатылып кеткен.

Бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда Дженнифер Лопестің концерті өтетіні туралы ақпаратқа таңданыс білдірген болатын. Клубтың түсіндіруінше, бұл күн ресми спорттық іс-шараларға арналған және клубпен келісілмеген.

28 мамыр, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »