Атырау, 31 мамыр 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +24
$ 510.81
€ 578.59
₽ 6.51

​Литва президенті Балтық елдерін Беларуське қарсы талапқа қосылуға шақырды

276 рет қаралды
Сурет: NTB / Terje Pedersen / Reuters

Литва президенті Гитанас Науседа Балтық елдерін Беларуське қарсы халықаралық сот ісіне қосылуға шақырды. Литва билігі Минскіні миграциялық дағдарысты ушықтыруға жауапты деп санайды. Литва билігінің мәліметінше, Беларусь Литваға "мигранттардың ауқымды әкелімі үшін" жауапты.  Осыған байланысты Вильнюс Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотына ресми түрде шағым түсірді, деп хабарлады Коммерсантъ.

«Серіктестеріміздің кейінірек осы бастамаға қосылу мүмкіндігі әрдайым бар деп есептеймін. Біз көшбасшылық таныттық — бұл өте жақсы. Осы арқылы біз көршілес елдерде болып жатқан жағдайдың біз үшін қолайсыз екенін көрсетіп отырмыз», деді Науседа «Ziniu radijas» эфирінде.

Ол Беларусь әрекеттерін халықаралық құқықты бұзу деп бағалап, заңсыз миграцияның қазіргі жағдайда эскалация, тұрақсыздық және қосымша проблемалар туғызу мақсатында қолданылып жатқанын айтты.

2021 жылы Литва, Латвия және Польша Беларусь шекарасында ұсталған заңсыз мигранттар санының артқанын хабарлады. Литва шекарашылары 23,5 мыңнан астам мигранттың елге кіруіне тосқауыл қойған. Балтық елдері Минскті мигранттарды әдейі тасымалдады деп айыптады, бірақ Беларусь бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

20 мамыр, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »