Атырау, 8 маусым 19:43
 ашықВ Атырау +20
$ 510.19
€ 582.79
₽ 6.46

Алматы облысында заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

297 рет қаралды
видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды.

Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді. 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

15 мамыр, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »