Атырау, 21 маусым 04:20
 бұлттыВ Атырау +22
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жасөспірімдерден үлгі алды

Бейнежазба
3 959 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір жастардың арасында кең таралған TikTok қосымшасын  жемқорлықпен күресу үшін пайдалануды жөн көрген.

- Біздің қызметкерлеріміз уақыт талабына сай болуды шешіп, мағыналы әрі қысқа бейнежазба жасау үшін TikTok-ты игере бастады. Бұл платформаны жасөспірімдердің 90%-ы пайдаланады. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыс екенін, ондай іс-әрекетке қарсы болуды ерте жастан бойына сіңірген дұрыс деп есептейміз. Роликтер парақорлыққа жол бермеуді насихаттайды, азаматтарды есін жиып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамауға шақырады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы Айдана АМАНИЯЗОВА. Оның айтуынша, бейнеролик түсіру үшін арнайы бюджет бөлінбейді. Мамандандырылған контентті құрумен ерікті негізде волонтерлар көмегімен департамент қызметкерлері айналысады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейнежазбасы

16 тамыз 2020, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »