Атырау, 24 маусым 02:11
 бұлттыВ Атырау +22
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69

Бостандыққа қажет мамандық алып шығады

3 477 рет қаралды

Қаладағы түзеу колониялары жанындағы кәсіптік-техникалық колледжді биыл 59 жазасын өтеуші бітіріп, қолдарына диплом алды. Оның ішінде 38-і - ерлер түзеу колониясында, 21-і - әйелдер түзеу колониясында жазасын өтеп жатқандар. 

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасында еңбекпен қамтамасыз ету тобының бас маманы Жангүл ОТАРАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, олар автокөлік жөндеу слесарі, электрогазбен дәнекерлеуші, құрылысшы, тігін, шаштараз, аспаз, кондитер мамандықтары бойынша орта-техникалық білім алған.  

- Диплом тапсыру кезінде барлық қауіпсіздік  шаралары ескеріліп, санитарлық талаптар – ара қашықтықты сақтау, бетперде тағу, антисептиктер  пайдалану  толық орындалды, - деді Отаралиева.

Айнұр САПАРОВА

6 шілде 2020, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және [email protected] жіберіңіз.



OSZAR »