
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан БАЗАРБЕК:
— Егер 15-20 жылдан кейін біз министрлер мен әкімдерді жасанды интеллектпен алмастырсақ, шын жүректен қуанар едім.
(Бұл пікір "Жасанды интеллект туралы" заң жобасын талқылау барысында айтылды.)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан БАЗАРБЕК:
— Егер 15-20 жылдан кейін біз министрлер мен әкімдерді жасанды интеллектпен алмастырсақ, шын жүректен қуанар едім.
(Бұл пікір "Жасанды интеллект туралы" заң жобасын талқылау барысында айтылды.)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:
- Телеграм-арналар бүгінде жалған ақпараттың, айла-шарғы жасаудың және арандатушылықтың ошағына айналды. Олар адамдардың көңіл-күйіне сөзсіз әсер етіп, көбіне жалған ақпарат таратуда.
(Анонимді Телеграм-арналарға қатысты айтылған)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан БАЗАРБЕК:
«Алаяқтарды ғана емес, дропперлерді де «жазалайтын» уақыт келді».
(Бас прокурордың атына жолданған сауалда айтылған)
Қазақстандық Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушы Вадим НИ:
- Мұнай өндіруші компаниялардың ешқайсысы қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау үшін табыс деңгейін төмендетпейді. Бұл қашанда жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік органдардың талап-тілектерінің нәтижесі. Бүгінде таза ауа үшін күресте жергілікті халықты бірінші орынға қояр едім; олар бұл мәселеде жетекші рөл атқара алады және бұл рөлді алуға тиіс.
(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов:
- Аудиторлардың логикасы қызық. Ақша – бұл мемлекеттің ақшасы, яғни халықтың ақшасы. Қызметі - әлеуметтік маңызы бар қызмет, бірақ ол әлдебір жолмен құпияландырылған. Білім беру, медицина және әлеуметтік сала мәселелері құпия болмауы керек, бұл әскери немесе құқық қорғау бюджеті емес қой.
(ҚР Жоғары аудиторлық палатасы туралы айтылған)
QazaqGaz Aimaq Атырау филиалының басшысы Қайсар РАХМЕТОВ:
– РЦКУ-мен келісімшарт биыл аяқталады. Депутаттар мен қоғам белсенділерінің ұсыныстарын естідік, сараптап, орталық аппаратқа жолдаймыз. Бірақ, 12-13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, нысандар бойынша толық дерекқоры бар ұйымды бірден ауыстыру мүмкін емес.
(РЦКУ қызметкерлерінің іскерлік этиканы үнемі бұзатыны туралы шағымдарға жауап ретінде айтылды)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан БАЗАРБЕК:
– Ауыл шаруашылығының жартысынан айырыламыз. Біз Қазақстан емес, Сауд Арабиясы боламыз. Түсінесіздер ме? Бізді осындай қауіп күтіп тұр. Біз ауыл шаруашылығын мәңгіге ұмытамыз. Бұған жол бермеу үшін әр нәрсені өз атымен атауымыз керек. Топырақтың су басудан, батпақтанудан, тұзданудан және шөлейттенуден қорғалуын бақылап, шөлейттенумен күрес туралы халықаралық конвенцияны сақтауымыз қажет.
(«Топырақты қорғау туралы» заң жобасын таныстыру барысында айтылды)
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина СМИРНОВА:
- Психиатриялық қызметті реформалау керек, себебі психикасында ауытқушылығы бар адамдар емделмей, қоғам ортасында жүр. Бұл мәселеге көңіл бөлу керек. Осындай ауытқушылығы бар адамның әрекетінен лифтіде бала зардап шеккен оқиға өзгерістің қажет екенінің дәлелі.
(Психдиспансерде есепте тұрған жасөспірімнің Астана қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде бес жасар балаға пышақ сұққаннан кейін айтылды)
Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ:
- Біз ең нашар жағдайға дайын болуымыз керек, босаңсуға болмайды
(2025 жылғы су тасқынына дайындық мәселесіне қатысты комиссия отырысында айтылды)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек:
- Егер нарықтағы байланыс сапасы мен тарифтерге қатысты жағдай өзгермесе, онда ЦДИАӨМ елде басқа оператордың жұмыс істеуіне рұқсат береді.
(Тікелей эфирде айтты)
– Сіз бен біздің қанымыз бір.
(Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Қазақстан мен Әзірбайжан халқының өзара мәлімдемесі)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей ПОНОМАРЁВ:
- Теміржол инфрақұрылымының күйі өте нашар - локомотивтердің 61 пайызы тозығы жеткен. Елдің үстіндегі аспан кеңістігін көрші мемлекеттер пайдаланып жатыр. Біздің монополистердің бағына орай Lufthansa и KLM сияқты әлем гиганттары бізден әлдеқашан кетіп қалды. Есесіне бізде үнемі кешігіп қалатын, кешірім сұрамайтын әуе компаниялары және әлем бойынша ең қымбат лоукостер бар деп мақтана аламыз.
(елдің Көлік министрлігіне айтылды).
"АЖ" мақаласына пікір қалдырған адам:
- Жолдың 150 шақырым бөлігінің құрылысы аяқталды деп тағы халықты алдап отыр - жол жиегі жасалмағагн, әжетхана жоқ, ал жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырмау керек екен. Жобада қарастырылған қаладан шыға берістегі 5 шақырым жолдың құрылысы басталған жоқ. Кімді алдап отырсыз, ҚазАвтоЖол? Мемлекет басшыларын ба, әлде жергілікті халықты ма?
(Атырау-Астрахань жолының құрылысы аяқталды деген жаңалықтың астында жарияланды)
"Ақ жол" фракциясынан мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:
- Сіз айыппұлды жамылып бопсалап отырсыз. Құдды бір Штрафстан құрғандай.
("Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекске айыппұлдарға қатысты өзгеріс енгізу туралы айтылды)
Мәжіліс депутаты Елнұр БЕЙСЕМБАЕВ:
- Бірқатар шенеуніктердің долларды теңгеге шаққандағы бағамы тек сан ғана деген мәлімдемесі алдағы уақытта азаматтарға тигізетін қаржылық салдарын ескермей отыр. Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүріп жатқан табысы аз адамдардың саны экспорттаушылардан мың есе көп екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте үкімет кімнің жағында деген заңды сұрақ туындайды. Қарапайым халықты қолдай ма, әлде олигархтарды ойлап отыр ма?
(Парламентте 2025 жылға арналған ел бюджетін талқылау кезінде айтылды)
Астана әуежайындағы баннерде:
"Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!"
(2024 жылғы 27 қарашада РФ президенті В.Путиннің келу құрметіне дайындалған баннерде жазылған)
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман ШАҚҚАЛИЕВ:
- Өз жұмысымды қиярмен бағаламаймын.
(елдің сауда айналымын ұлғайту бойынша өз жұмысын бағалау туралы сұраққа берген жауабында айтылды)
Мәжіліс депутаты Еркін ӘБІЛ:
- ...Сағат тілін қалай бұрсақ та, 7 сағат қараңғылықта жүреміз. «Кешкісін күндізгі уақытпен жүрейік» дейтіндер таңертең жарықтың екі сағаттан кейін түсетінін айтпайды.
Бүгін сағат 7.20-да күн шықты, UTC+7 уақыт белдеуі болса, сағат 9.20-да таң атар еді. Ал желтоқсанда сағат 10-да таң атады. Таңертең жағамыз деп, кешке жарық жақпау қисынсыз нәрсе.
Түйіндей келе, басқаларды надан деп айыптамас бұрын - мектептегі табиғаттану бағдарламасын қайталап, уақыт белдеуі жөніндегі мағлұматты пысықтаңыз дер едім.
Осымен тәмәм, енді бұл тақырыпты талқылауға қатыспаймын, мені қызықтыратын басқа да жұмыстарым бар. Аман болыңыздар.
(Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында айтылды)
Baitaq партиясы төрағасының орынбасары Олег Пак:
- Қазақстанның жер қойнауын тиімсіз пайдалану шығынын біз жылына 20 млрд доллардан астам деп бағалаймыз. Бұл саясаттың барлығы шетелдік өндірушілердің мүддесі үшін жүргізіледі әрі соның салдарынан біз дами алмаймыз.
(North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының Қазақстан үкіметіне 2,3 трлн теңге экологиялық талап арызынан бас тарту туралы өтінішіне қатысты айтылған)
Атырау облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, подполковник Бағдат АБДУЛЛИН:
– «Baizaar» сауда орталығында соңғы рет өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары 2019 жылы жүргізілді. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары аясында тексеруге мораторий енгізілгендіктен, 2019 жылы кәсіпкерлердің 5 пайызын ғана тексере алдық.
(«Baizaar» сауда орталығындағы өрттен кейін брифингте айтылды)
Атырау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ:
Атырау облысының барлық ауданында, соның ішінде Атырау қаласында ауада күкіртсутек анықталды. Парниктік газдар шығарындылары да барлық ауданда – 14 млн 400 тонна көлемінде анықталды. Осылайша біз Қазақстан бойынша бірінші орын алдық. Ауаның ластануы негізінен Атырау қаласының үлесінде.
(Атыраудағы облыстық мәслихат отырысында айтылды)
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан ӘБДІХАЛЫҚОВ:
- Иә, өкінішке орай ондай деректер болды. Биыл да былтырғыдай екінші деңгейдегі банктерді тексердік. Осындай кемшіліктері үшін жазаға тарттық.
(кейбір қазақстандық банктердің бөгде адамдарға өз клиенттерінің жеке ақпаратын беретіні туралы сауалға жауабында айтылды)
ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат БОЗЫМБАЕВ:
- Алғашқы күндері халық өз бетімен әрекет етіп, мемлекеттік көмектің болмауынан алаңдаса да, кейін Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен төтенше жағдайлар қызметі тарапынан қолдау көрсетіліп, көптеген техника мен мамандар жіберілді. Су тасқынының алдын алу үшін Атырауда 30 мыңнан астам адам және 4000-ға жуық техника жұмылдырылып, 500 шақырымға жуық бөгет салынды. 500 шақырым бөгет деген Астанадан Петропавлға дейінгі аралықты қамтиды.
(Атырау облысы су тасқынымен қалай күрескені туралы Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтылды)
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
- Менің ойымша, Президентті бір рет жеті жылға сайлау – оның сайлауалды бағдарламасы мен реформаларын жүзеге асыруға жеткілікті уақыт. Оған қоса Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер.
(30 қыркүйекте Астанада өткен конференцияда айтылды)
Қазақстанның премьер-министрі Олжас БЕКТЕНОВ:
- Бұл жағдай ешкімге де оңай тиген жоқ. Тиісті қорытынды шығарып, алдағы уақытқа алдын алу шараларын айқындадық. Біздің мақсатымыз – табиғи апаттар мен катаклизмдерден келетін шығынды барынша азайтып, оған қарсы тұрудың тиімді жүйесін құру.
(2024 жылғы 24 қыркүйектегі үкімет отырысында айтылды)
"Халық Қаһары" азаматтық кампанияның жетекшісі Әлихан СӘРСЕНОВ:
- Мен шенеуніктерге, басшыларға, директорларға, басқарушыларға және халық алдында жауапты барлық адамдарға айтамын! Қарапайым бір нәрсені есте сақтаңыздар. Егер мәселе ұзақ уақыт бойы орын алса, адамдар оны ұмытады деп үміттенбеңіздер. Керісінше, қалалықтар әділдік орнатып, өздерін алдап жүргендермен кездесуді талап ететін болады. Біздің жобаның міндеті – осы кездесуді ұйымдастыру. Біз мұны міндетті түрде орындаймыз. Бұл жағымсыз, ұят кездесуден аулақ болудың бір ғана жолы бар. Халық игілігі үшін өз жұмыстарыңызды тиімді және адал атқарыңыздар. Жаңа Әділетті Қазақстанға лайық әрекет етіңіздер.
(Атырауда салынып бітпеген 25 ойын алаңына қатысты айтылды)
"Қазақстанда мерзімді әскери қызметті жою өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әсіресе, қазіргі жүйенің кемшілігін көрсететін әскери қызметкерлердің қайғылы өлімі көбейген кезде. Жарлықтан тыс өзара қарым-қатынасқа байланысты, дайындығы жоқ немесе медициналық бақылаудың жеткіліксіздігі салдарынан болып жатқан жазатайым оқиға, суицид және басқа да қайғылы жағдайлар мерзімді әскери қызметті атқаруды жалғастыруға болатынына күмән келтіреді».
(2024 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған міндетті әскери қызметті жою туралы өтініште айтылған)
«Baytaq» жасыл партиясының төрағасы Азаматхан ӘМІРТАЕВ:
- Қазақстанның батыс аймақтарында мұнай-газ саласы жұмыстарының кесірінен экологиялық жағдайы өте нашар. Мұнай мен газ өндіру жұмыстары нәтижесінде атмосфераға зиянды заттар шығарылып, су айдындары ластанады және жер бүлінеді... Олардың мұнай өндіру көлемі артып келеді, ал эмиссияға төленетін төлемдер жыл сайын азайып барады ма?
(Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнай-газ кен орындарын игеру туралы келісімдердің талаптарын жариялауды талап еткен петицияға қатысты пікірде айтылған)
Фото: baimedia.kz
«Білім-Инновация» лицейінің директоры Арман ШАРИПОВ:
- Бәрі жақсы болады.
(апаттық жағдайда тұрған ғимаратта "Білім-Инновация лицейінің құлсарылық 70 дарынды оқушысының оқуы туралы "АЖ"-ға берген сұхбьатында айтылды)
ҚР энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдинов:
- Неге екені белгісіз, біреулер АЭС-тан қорқады, ал газ қондырылған көлік үрейлендірмейді. "Газель" көлігінің көбінде жанында осындай баллондар орналасқан. Соққыдан ол да жарылуы мүмкін. Кері қысым клапанын уақытында қарап тұрмаса, тіпті қозғалмай тұрған көліктен де өрт шығуы мүмкін. ІІМ/ТЖК-не көлікке сұйық газ тұтынуға мораторий енгізу арқылы газ қондырғысын орнатуға шектеу қою бойынша энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың пікіріне құлақ түріп, қолдауды ұсынамын. Сәйкесінше газ қондырғысын құжатсыз пайдаланғаны үшін және мораторий кезінде осындай қызмет көрсеткен жөндеу орталықтарына айыппұл мөлшерін көбейту қажет.
(Фейсбуктегі жеке парақшасында айтылған)
Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат ШАРЛАПАЕВ:
- Көптеген отырыстар болды. Петицияның бастамашылары келтірген барлық дәлелдер заңды түрде жоққа шығарылды. Мемлекеттік органдар осы мәселе бойынша жұмыс тобы шеңберінде ұжымдық түрде шешім қабылдады. Менде бұл мәселе бойынша басқа пікірлер болмайды. Жалған сарапшылардың немесе осы тақырыпты айтудан жалықпайтын адамдардың тексерілмеген мәлімдемелеріне мен түсініктеме бермеймін.
(Қазақстандағы утильалым бойынша 13 тамыздағы баспасөз конференциясында айтылды)
Суретті түсірген Жасұлан Жұмабеков
Алматылық дизайнер Елзат МҰҚАШ:
- Қалада жүріп, мынадай қирап, шіріп жатқан заттарды көріп, Атыраудың мұнайлы астана екенін жазуға қарап білетін сияқтысың. Аптап ыстық күннің астында ыңғайсыз орындықтар орнатып, пайдасыз МАФтар жасап, арзан керомограниттер жабыстырған... Тұрғындарын сыйлайтын мемлекетте балықшылар өзінің тірлігін жасау үшін судың бойына ыңғайын жасап қояды. Ал мына жерде қамыстың арасына кіріп, балшық кешіп, адамдар балық аулап отырады.
Басшыларға жақсы дизайнер шақырып, халыққа пайдасын тигізетін жерлер ашса болады ғой. Шын мәнінде халыққа жаны ашитын үкімет болса, әрине!
(Әлеуметтік желідегі жеке блогында айтылған)
ҚР Ішкі істер министрі Ержан СӘДЕНОВ:
- Қазақстанда шұғыл түрде 6 мың шақырымнан астам 4 және одан да көп жолақты (1-санат) жолдарды салу қажет. Соның ішінде мына облыс орталықтары арасындағы жолдар: Атырау-Ақтөбе-Орал, Өскемен-Семей, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда, Қарағанды-Павлодар және т. б. Екі жолақты жолдар қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, бетпе-бет соқтығысу және аударылып кету жағдайлары жиі кездеседі.
(Елдегі жол-көлік оқиғаларына қатысты бүгінгі жағдай туралы айтылған үкімет отырысында айтылды)
Жайық-Каспий Орхусс орталығының төрағасы Шынар ІЗТІЛЕУОВА:
- Жемқорлық жайлаған елде АЭС қалай салынатыны белгілі.
(Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты Атыраудағы қоғамдық тыңдау кезінде айтылды)
«Әнет» ШҚ төрағасы Жәнібек АРАЛБАЕВ:
- Ауыл шаруашылығы вице министрі А.Бердалин сыбайлас жемқорлыққа байланысты Қағиданың өзгергенін айтты. Ауыл шаруашылығында қайдағы жемқорлық, фермерде үкіметті тонайтындай жағдай бар ма еді, олар өз қамын өздері жасап отырған шаруа адамдары емес пе?
(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)