Қоғам Құлсарының жамау-жамау жолдары Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 416 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальтталғаны 218,8 (52,5 пайыз), ал қалған бөлігі (47,5 пайыз) асфальтсыз. Сурет Бейнежазба 6 қыркүйек 2022, 15:22 1 564 рет қаралды
Қоғам «Бүкіл демалыс жоспарымыз бұзылды. Ең бастысы - ақшамыз қайда?» Атырауда бірнеше ондаған тұрғын зардап шеккен туристік фирмаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сурет 5 қыркүйек 2022, 23:24 1 850 рет қаралды
Қоғам Атыраудағы неке және ажырасу Атырауда жыл басынан бері 1731 жұп шаңырақ көтерсе, 693-і ажырасуға арыз берген. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, ажырасудың себебі ретінде көбіне «мінезіміз келіспеді» деп көрсетеді. 12 тамыз 2022, 11:38 1 583 рет қаралды
Қоғам Еріктілер қала маңындағы елді мекендерді көркейтіп жатыр Атырауда еріктілер Геолог ықшамауданы тұрғындары үшін спорт алаңдары кешенін салып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар жобаны облыс пен қала басшылығы қолдап, 2 гектарға жуық жер телімін бөлді. Сурет Бейнежазба 8 тамыз 2022, 10:06 1 472 рет қаралды
Қоғам Атырауда 100 ауланы абаттандыру жобасы басталды Қазір 72 ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар басталды. Оның ішінде тұрғын үйлердің ауласында автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, кеңейту, автотұрақтар орнын салу, әсемдік қоршаулар мен түнгі жарық шамдарын орнату, балалар ойын алаңдары, спорттық-жаттығу алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату, қоқыс алаңшалары және т.б. жұмыстар қаралған. Сурет 5 тамыз 2022, 15:36 1 563 рет қаралды
Қоғам Атырауда мектептер мен мұғалімдер жетіспейді Бүгін, 1 тамызда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі аяқталды. Соңғы жылдары ата-аналар үшін бұл процесс баланы қажетті мекенжай бойынша тіркеуге дайын таныстарды табумен астасатын болды. Бұл қалаған мектепке бару үшін жасалады. Дегенмен, қажетті мекенжайға тіркелсе де, балаңыздың тұрғылықты жер бойынша мектепке қабылдануына кепілдік бермейді. 1 тамыз 2022, 18:56 1 629 рет қаралды
Қоғам Қазақ лейтенанты ...Жүріп келем, жүріп келем, айналама алақтап, жүріп келем. Жапан түзде жалғыз жортып, қорқып келем... 22 шілде 2022, 12:14 1 780 рет қаралды
Қоғам Ресейден бізге кімдер келген 2022 жыл басталғалы Атырау облысында Қазақстан Республикасында резидент емес - "шығу тегі" ресейлік 56 заңды тұлға тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (15) төрт есе дерлік көп. 19 шілде 2022, 19:12 1 383 рет қаралды
Қоғам Түркияда дәрігерлер өздерін қорғауды талап етуде Кейде «АЖ» қызметкерлері оқырмандарымыз үшін қызықты болуы мүмкін басқа елдердегі оқиғаларды да қамтып отырады. Атап айтқанда, жақында біздің веб-редакторымыз әрі аудармашы Гүлжанат Исабаева Денизли қаласында түрік дәрігерлері өткізген наразылық шарасына куә болды. Көршілес Конья қаласында Хаджи Мехмет Акчай деген біреу ауруханаға кардиологтың кабинетіне кіріп, оған 9 рет тапаншамен оқ атып өлтірген соң, өзін атып тастаған. Оның осы әрекетінен соң дәрігерлер наразылыққа шықты. 7 шілде 2022, 17:37 1 454 рет қаралды
Қоғам Зарықтырған баспана «АЖ»-ға Құлсары қаласының тұрғыны хабарласты. Олар өткен жылы пайдалануға берілуі тиіс баспаналарына әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отырғандарын айтып шағымданды. 6 мамыр 2022, 16:09 2 051 рет қаралды
Қоғам Саябақ болмайды – 2 : басқа кешенде тұрақ та жоқ Нұрсая ықшамауданында орналасқан «Асель» тұрғын үй кешенінің тұрғындары «Solara.kz» ЖШС құрылыс компаниясы аталған ТҮК-н сатқан соң, кейбір уәделерін орындамай қойды деп наразылық білдірді. 5 мамыр 2022, 10:13 2 408 рет қаралды
Қоғам Ғасыр жасаған Шәміл әже Құрманғазылық Шәміл ӨМІРЖАНОВА әже жуырда 102-ге келген жасын ағайын-тума, бала-шағасының арасында атап өтті. Сурет Бейнежазба 4 мамыр 2022, 15:33 2 236 рет қаралды
Қоғам Уәде еткен саябақ болмайтын болды Нұрсая ықшамауданында орналасқан «New City» тұрғын үй кешенінің 20 жуық тұрғыны «JM Capital» құрылыс компаниясы аталған ТҮК-н саларда кейбір уәдесін орындамады деген шағыммен наразылық білдірді. Тұрғындардың айтуынша, мұнда қоныстанғандардың жартысынан көбі пәтерін болашақта үйдің алдында үлкен саябақ болады деп таныстырғаны үшін таңдаған. Алайда, саябақ болмайтын болды. Сурет Бейнежазба 28 сәуір 2022, 11:25 2 133 рет қаралды
Қоғам Театр субұрқақтан басталады Атырауда Махамбет атындағы драма театр алдында орналасқан субұрқақтарды жөндеуге тендер жарияланбақ. Субұрқақтың қақсып тұрғанына 4 жылдай болды. Қазір құбырларды тот басып, кафельдері түсіп, қаланың көркін кетіріп тұр. 25 сәуір 2022, 21:18 1 473 рет қаралды
Қоғам Ерекше баланың анасы: «Тоқ болған күніміз жоқ» Атырауда 50 шақты ана наразылығын айту үшін қала әкімдігінің алдына жиналды. Ашынған аналар биліктен баспана, балабақша кезегі мәселелерін шешіп беруді сұрады. Бұдан бөлек, қала әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕННІҢ жұмыстан кетуін талап етті. 19 сәуір 2022, 06:10 1 865 рет қаралды
Қоғам Адамдар қоғамды өздері өзгертуде, ал ТШО тек өзгерістерді енгізуге көмектесуде 13 сәуір 2022, 14:29 3 005 рет қаралды
Қоғам Жын-ойнаққа айналған үй Құлсары қаласында №27 үй апатты деп танылып, тұрғындар жаңа қонысқа көшірілді. Алайда бұрынғы көршілері ашық-шашық жайрап жатқан үйдің жын-ойнаққа айналғанына алаңдап, мазалары қашып отыр. Сурет Бейнежазба 15 наурыз 2022, 10:12 2 632 рет қаралды
Қоғам «Құжатымызды қасымызға алып, киімшең ұйықтаймыз» Әкімдердің құрғақ уәдесіне тойған Индербор кентіндегі З. Қабдешев көшесі, 5, 7, 9, 11, 12, 13, 15-үй тұрғындары «АЖ»-ға жүгінді. Сурет Бейнежазба 10 наурыз 2022, 15:53 2 057 рет қаралды
Қоғам Құрманғазы ауданындағы ауылдардың басым бөлігі жарық көзіне қосылды «Құрманғазы аудан орталығындағы барлық ықшам аудан кезең-кезеңмен электр жүйесіне қосылды. Байда, Орлы, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшово, Еңбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл ауылдары да қосылды», - деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі. «Қазақтелеком» АҚ-ның 27 станциясының 20-сында байланыс қалпына келтірілді. Сурет 10 наурыз 2022, 11:18 2 197 рет қаралды
Қоғам Атыраулық үкіметтік емес ұйымдарға құжатпен жұмыс істеу үйретілді 3-4 наурызда Атырауда үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуметтік жобаларға өтінімдер дайындау бойынша екі күндік семинар өтті. Оған ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың өкілдері қатысты. Сурет Бейнежазба 4 наурыз 2022, 20:46 2 498 рет қаралды
Қоғам Теңіздегі митинг Бүгін, 4 қаңтарда Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жүздеген мұнайшы жұмысын тоқтатып, Маңғыстау облысын қолдау митингісіне шықты. Сурет Бейнежазба 4 қаңтар 2022, 13:08 1 601 рет қаралды
Қоғам Құлсары мен Индер Жаңаөзенді қолдауға шықты Сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты бас көтерген Жаңаөзен тұрғындарын қолдау мақсатында Жылыой ауданы Құлсары қаласы мен Индер ауданы Өрлік ауылында жүздеген адам бейбіт шеру ұйымдастырды. Сурет Бейнежазба 3 қаңтар 2022, 21:14 2 340 рет қаралды
Қоғам «Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары 4 ақпанда бес жылға жуық түрмеде отырған қоғам белсендісі Мақс БОҚАЕВ бостандыққа шықты. Түрме оның сағын сындырмады. – Биыл жер мораторийі аяқталады. Ал тағы да митингке шығу керек болса, мен шығамын. Біздің жерімізден басқа неміз қалды? Түрмеден қорқудың қажеті жоқ. Қажет болса, отырамыз. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет, – деді ол пікірлестерімен кездесу кезінде. Сурет 30 желтоқсан 2021, 14:36 2 527 рет қаралды
Қоғам Ауданда бірде-бір анестезиолог жоқ Облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында дәрігерлер жетіспейді. Мысалы, анестезиолог маманның жоқтығынан қарапайым соқырішек отасы жасалатын науқастар 350 шақырымдағы Атырау қаласына «жөнелтіледі». Өмір мен өлім арасындағы науқастар бұл азапты 1,5 жылдан бері бастарынан өткізіп жатыр. Сурет Бейнежазба 8 қазан 2021, 12:43 1 803 рет қаралды
Қоғам Қапырық сыныптағы сабақ Құлсары қаласындағы Е. Халықов атындағы №7 орта мектебінде толыққанды білім алуға жағдай жоқ. Оқушылардың ата-аналары осылай деп санайды. Әсіресе оларды ауа айналысы тар ғимарат алаңдатып отыр. Сурет 14 қыркүйек 2021, 16:47 2 679 рет қаралды